2023 жылға қарай барлық жалпы білім беретін мектептер үш тілді оқыту бағдарламасына көшеді

Барлық жұмыстар кезең-кезеңімен орындалып, нәтижесінде жоғары сынып оқушылары информатика мен физиканы, химия мен биологияны ағылшынша оқи бастамақ. Атап айтсақ, 2022-2023 оқу жылы қазақ-түрік лицейлері мен гимназия және өзге де лицейлер толығымен үш тілде білім бере бастайды. Ал, 2023-2024 оқу жылы жалпы білім беретін мектептердің барлығы осы жүйеге көшпек.
Дегенмен, мектептерде үш тілде білім беру ата-аналар комитеті мен мұғалімдер кеңесінің ортақ шешімі негізінде енгізіледі. Айта кету керек, жоғары сыныптар мен жоғары оқу орындарындағы білім беруді ағылшын тіліне көшіру тапсырмасы Ұлт жоспарының 79-қадамында айтылған.
Мариам Мұқатова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті:
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында үш тілде білім беру орталығы құрылды. Орталық барлық жұмыстарға жетекшілік ететін болады. Сондай-ақ, бірыңғай тілдік стандарттар жасақталады. Бағдарламаны жүзеге асыруда «Болашақ» бағдарламасы түлектерін көптеп тарту жоспарлануда.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44