Халықаралық математикалық Олимпиадада Қазақстан командасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық математикалық Олимпиадада Қазақстан командасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленді

22.07.2015
Халықаралық математикалық Олимпиадада Қазақстан командасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленді

Әлемнің 104 мемлекетінен 600 оқушы қатысқан сайыста Қазақстан командасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медалді иеленіп, 25-ші тұғырға көтерілді.

Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатының 3 оқушысы осы Олимпиаданың жеңімпазы атанды.

Ахан Исламов 2014 жылы 55-ші Халықаралық математикалық Олимпиадада үздіктер қатарынан көрінген. Биылғы өткен Олимпиадаға тыңғылықты дайындалған тәлімгер екінші рет алтын медаль иеленді.

Нәтижесінде Гонконг Техникалық университетіне компьютерлік инженерия мамандығы бойынша грантқа түсті.

56-шы Халықаралық математикалық Олимпиадада күміс жүлдеге ие болған Олжас Қадырақынов Оңтүстік Кореяның Кайст университетіне жолдама алды.

О. Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды баларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатын биыл 308 оқушы бітірсе, оның 71 «Алтын белгі» иегері.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу