ОҚО-ның аудан мектептерін оқулықпен қамтамасыз ету үшін 484 миллион теңге қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-ның аудан мектептерін оқулықпен қамтамасыз ету үшін 484 миллион теңге қажет

15.07.2015
ОҚО-ның аудан мектептерін оқулықпен қамтамасыз ету үшін 484 миллион теңге қажет

Алайда, Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты 5 бірдей ауданның әкімдігі бұл мәселені дер кезінде шеше алмаған.

Атап айтқанда, Сарыағаш, Төле би, Созақ, Шардара аудандары мен Кентау қаласында мектептерді оқулықпен қамтамасыз ету үшін жергілікті қазынадан 484 миллион теңге бөлуі қажет еді.

Бүгінгі таңда облыста 1 мың 22 мектеп бар. Онда 500 мыңнан астам бала білім алады. Әзірге өңірде шәкірттердің 76 пайызы ғана жаңа буын оқулықтармен қамтамасыз етіліп отыр.

Осы мәселені тездетіп шешу мақсатында Білім және ғылым министрлігіне қарасты Білім саласын қадағалау комитетінің төрағасы өңірге барып, арнайы жиын өткізді.

Түйіткілді мәселе алдағы аптаның басында өтетін жергілікті мәслихат сессияларында түбегейлі шешімін таппақ.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

 

Хабарламаларға жазылу