Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші кезеңі басталды

16.01.2024

Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші кезеңі басталды. Ақылы кезеңге қатысуға түлектерден 136 мың өтініш түскен. Оның 76,3 пайызы қазақ тілінде, 23,6 пайызы орыс тілінде, ал 126 адам ағылшын тілінде тапсыруға ниетті.

Түлектердің 18 пайызы биология-химия, 17 пайызы - математика-физика, 12 пайызы математика-информатика пәндерін таңдаған. Тестілеуге 4 сағат уақыт беріледі. Оқу сауаттылығы және математикалық сауаттылық 5 балға қысқарып, ал таңдалған пәндердің сұрағы керісінше 5 ұпайға көбейеді. Науқан ақпан айының 10-на дейін жалғасады.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу