Бүгін еліміздің түкіпір-түкпірінде салтанатты түрде соңғы қоңырау cоғылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін еліміздің түкіпір-түкпірінде салтанатты түрде соңғы қоңырау cоғылды

25.05.2015
Бүгін еліміздің түкіпір-түкпірінде салтанатты түрде соңғы қоңырау cоғылды

Оқушылар ұстаздарына алғыс білдіріп, өнерлерін көрсетті. «Сыңғырла, соңғы қоңырау» аталған салтанатты жиында төменгі сынып оқушылары аға-әпкелеріне сәт сапар тілеп, ән шырқап, сахналық көрініс қойды.

Ал, Маңғыстау облысында 4 мыңнан аса жас түлек мектеп бітіруде. Ақтаудағы №21 орта мектепті тәмәмдап жатқан 72 оқушының 5-уі шетелде оқуды мақсат етіп отыр. Оқушылар ішінде түрлі білім олимпиадаларының жеңімпаздары мен спорт саңлақтары да бар.

Сонымен қатар, Павлодар облысында 3772 түлек мектеп бітірді. Бұдан басқа Назарбаев Зияткерлік мектебінің 160 оқушысы 12-ші сыныпты тәмәмдады. Түлектердің 74 пайызы ҰБТ-ға қатысады. 

Осылайша түлектер білім алған алтын ұяларынан үлкен өмірге қадам басуда. Бүгін, соңғы қоңырау еліміздің барлық мектептерінде соғылды.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу