Жеңіскүл Темірханқызы: Биылғы оқу жылын жаңа әнұранмен бастамақпыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңіскүл Темірханқызы: Биылғы оқу жылын жаңа әнұранмен бастамақпыз

01.09.2015
Жеңіскүл Темірханқызы: Биылғы оқу жылын жаңа әнұранмен бастамақпыз

«Бүгінгі көңіл күйіміз тамаша. Себебі, бірер сағаттан соң  еліміздің түкпір-түкпірінде мыңдаған оқушы алғашқы қоңырау салтанатты жиынында сап түзейтін болады.  Жыл сайын бұл күн біз үшін ерекше, айтулы мереке. Бүгін біздің мектепте 1230 бала алғашқы қоңырауға қатысады.

Мектебімізге келуші оқушылар саны да жыл санап артып келеді. Былтыр 750 бала мектеп табалдырығын аттаса, биыл 1340 бала. Мектебіміздің ерекшелігі – биылғы оқу жылын  жаңа әнұранымызбен ашпақпыз»,- дейді Жеңіскүл Темірханқызы.

«Менің бұл мектепте білім алып жатқаныма екі жыл болды. Мұғалімдерім білімді, кабинеттер қажетті құрылғылармен жабдықталған. Оқушының білім алуына қолайлы жағдай жасалған. Жаңа оқу жылынан табыс күтемін. Өзім үздік оқушы болғандықтан, бұл жылды да үздік бітіруге тырысамын»,-дейді Альбина Сәлімова.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу