«Қазақстан» Ұлттық арнасы соңғы қоңырау мерекесіне арнайы шығарылым әзірледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық арнасы соңғы қоңырау мерекесіне арнайы шығарылым әзірледі

25.05.2015
«Қазақстан» Ұлттық арнасы соңғы қоңырау мерекесіне арнайы шығарылым әзірледі

Бұл - Қазақстан Ұлттық арнасынан шыққан арнайы шығарылымның алғашқысы емес. Телеарна бұған дейін де еліміздің ең маңызды деген шараларынан көрермендерге тікелей хабар таратқан.

Ал, бүгінгі мерекелік шараның орны ерек. Еліміздің түкпір-түкпірінде бітіруші түлектерге соңғы қоңырау сыңғырлады. Бозбала мен бойжеткендердің оқушылық өміріндегі ең айтулы күнді Ұлттық арна назардан тыс қалдырмады.

Соңғы қоңырау салтанатты жиынына арналған шығарылым аясында тікелей эфирге тек тілшілер ғана емес, студияға келген қонақтар да атсалысты.

Студияда ұзақ жылдар бойы білім саласында еңбек етуші ұстаз өз пікірімен бөлісті. «Алтын белгіге» үміткер түлек болашақ жоспарын айтты.

Ал, енді ғана мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршін үлгілі оқушыдан сыйлық алды. Соңында соңғы қоңыраудың үні студияда сыңғырлады.   

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу