Соңғы қоңырау онлайн режимде соғылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы қоңырау онлайн режимде соғылды

25.05.2020

Бүгін оқу жылы аяқталды. Онлайн режимде соңғы қоңырау соғылды. Жылда тап осы күні мектеп түлектерінің шарасы салтанатты түрде өтетін. Алайда, биылғы 25-мамыр бұрынғыдан өзгеше. Тұңғыш рет елімізде оқушылар мектеппен үйде отырып қоштасты. Ал, аттестат түлектерге маусымның 3-і мен 4-і күндері тапсырылады. Оны ұйымдасқан түрде және санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізу керек. Бірақ, ұстаздарға сыйлық беруге, агенттіктер мен аниматорларды шақыртуға қатаң тыйым салынды. Оған мектеп директорлары тікелей жауапты. Мерекелік дастархан жаюға да рұқсат жоқ. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгін барша түлектер мен ұстаздар қауымын мерекемен құттықтады. 

Хабарламаларға жазылу