Жастар әртүрлі математикалық фокустар мен тәжірибелер барысында түрлі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, қазақ халқының киелі сандары туралы мағлұмат алып, байырғы қара есептерді шешті.
Бұл күні кітапхана қорындағы бірегей математикалық кітаптардың көрмесі де ұйымдастырылды. Ал, «Ментальды арифметика» деп аталған шеберлік-сыныпқа жиналған жасөспірімдер кез-келген арифметикалық амалды бірнеше секунд ішінде ойша есептеп шығару әдісін үйренді.
Берік КӨШЕРБАЕВ