Мәуіт Рысбеков: Баланың математикаға қызығушылығын ояту - өте қиын (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәуіт Рысбеков: Баланың математикаға қызығушылығын ояту - өте қиын (ВИДЕО)

16.02.2016
Мәуіт Рысбеков: Баланың математикаға қызығушылығын ояту  - өте қиын  (ВИДЕО)

Астана қаласындағы нөмірі №9 «Зерде» мектебінің жоғары санаттағы ұстазы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Мәуіт Рысбеков және О.Жәутіков атындағы XII халықаралық олимпиаданың қола медаль иегері, «Жас математик»  олимпиадасының І орын иегері Серікболсын Мейрам.

«Математика пәнінен өтетін жарыстарға балабақшадан бастап қатысып келемін. Барлық салаға қызығушылығым бар. Дегенмен, математика - ғылымдар патшасы болғандықтан, соған көп көңіл бөліп жүрмін. Есеп шығаруға күніне ең азы 3-4 сағат уақытымды арнаймын», дейді ол.

Мәуіт Рысбеков:

Баланың математикаға қызығушылығын ояту - өте қиын нәрсе. Біріншіден, табиғи дарын болуы шарт. Екіншіден, ұстаздың ықпалы мықты болуы керек. Қазіргі мақсат - олимпиадалық деңгейдегі кітаптар жазып, бағдарламалар ұсыну.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдаңыз. 

 

Хабарламаларға жазылу