«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өз мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өз мәресіне жетті

04.04.2015
«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өз мәресіне жетті

Аудандық, облыстық байқаудан жеңіп шыққан 171 жас талант республикалық олимпиадаға қатысуға жолдама алды. «Байқауды өткізудің басты мақсаты - мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту»,-дейді ұйымдастырушылар.

Талантты оқушылардың қабілетін шыңдайтын «Жарқын болашақ» республикалық «КАТЕV» қазақ тілі олимпиадасы төрт айға созылды. Тартысты сайыстың жеңімпаздары бүгін марапатталды.

Дүбірлі додаға қатысқан сайыпқырандар «Тілші-әдебиетшілер», «Сөз мәнері», «Әнші-бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Жазушылар» аталымдары бойынша бақ сынасты.

Кеш соңында еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етіп жүрген  Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру басқармасының басшысы - Жаңыл Жонтаева, «Балапан» телеарнасының директоры - Ләйла Сұлтанқызы және «Қазақстан» Телерадиокоорпорациясының басқарма төрағасы - Нұржан Мұхамеджанова Фариза Оңғарсынова атындағы арнайы сыйлығымен марапатталды

 

Хабарламаларға жазылу