Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетінде ТҮРКСОЙ кафедрасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетінде ТҮРКСОЙ кафедрасы ашылды

05.03.2015
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетінде ТҮРКСОЙ кафедрасы ашылды

ТҮРКСОЙ - ЮНЕСКО-мен терезесі тең, тек түркі халықтарын біріктіретін, баламасы жоқ салиқалы ұйым.

Сондықтан, бұл кафедра - Қазақстан мен бүкіл түркі елдері арасындағы алтын көпір болмақ. 

Мұнда түркі халықтарының рухани мұраларының озық үлгілері,  түркілердің тілі, әдебиеті, тарихы, музыкалық мәдениеті салаларында түрлі ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

Кафедрадан бөлек түркі халықтарындағы мәдени интеграция мәселелерін, экономикалық және саяси үрдістерді зерттейтін орталықтың да ашылу салтанаты өтті.

 

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу