Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де PR-білім берудің өзекті мәселелері талқыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де PR-білім берудің өзекті мәселелері талқыланады

05.11.2015
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де PR-білім берудің өзекті мәселелері талқыланады

Конференцияның мақсаты – «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша талапкерлер үшін қабылдау емтиханының мазмұны мен формасын өзгертуге байланысты және мамандық бойынша білім берудің өзге де өзекті мәселелерін талқылау.

Конференция қорытындысында тиісті қарар қабылдап, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне өтініш жіберу жоспарлануда.

Аталмыш жиынға шетелдік және қазақстандық PR саласын зерттеуші ғалымдар, PR саласындағы практик мамандар, БАҚ өкілдері, жоғары оу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер, магистранттар және докторанттар қатысады.

Шараны Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы ұйымдастыруда.

Конференция 13-қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің, Т.Қожакеев атындағы мәжіліс залында (230 ауд) сағат 10:00-де басталады.

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу