Жас архившілердің мектебі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас архившілердің мектебі ашылды

26.06.2017

Алматыдағы Президент архивінде ТМД елдері жас архившілерінің бірінші жазғы мектебі ашылды. Архив қызметкерлерінің заманауи форматтағы кәсіби білім алаңы саналатын шараға 5 мемлекеттен 50-ден астам өкіл қатысып жатыр. Оларға еліміздегі архившілерді дайындайтын негізгі оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мамандары мен ТМД-дағы жетекші білім ордасы Мәскеу гуманитарлық университетінің белгілі ғалымдары дәріс оқиды.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу