«Болашақ» бағдарламасы еліміздегі инновациялық ізденістің жандануына үлес қосып отыр», дейді Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессоры Сәрсенбек Монтаев.
Аталған бағдарлама аясында Жапон елінде білім-білігін арттырып келген ғалым бүгінде 10-ға тарта инновациялық жобаның авторы.
Сәрсенбек Монтаевтың инновациялық идеялары экологиялық өзекті мәселелерді шешіп, қуат көздерін үнемдеуге бағытталған.
Мәселен ол ойлап тапқан шыны тас, әйнек қалдықтарынан жасалады. Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын құрылыс материалы жылуды да берік ұстайды.
Рауан ДИӘЛИ