«Болашақпен» білім алған маман туризм саласын дамытуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақпен» білім алған маман туризм саласын дамытуда

08.10.2014
«Болашақпен» білім алған маман туризм саласын дамытуда

«Болашақ» бағдарламасымен білім алған маман туризм саласын дамытуда. Швейцария елінде оқып келген Жасұлан Төлебеков қазір Оңтүстік Қазақстан облыстық Туризм басқармасында жұмыс істейді. Бас маман күнгейдегі табиғи әсем жерлерді шетелдіктерге  кеңінен таныстырсам, деп армандайды.

Жасұланның  пікірінше, «біздің елде бұл салаға мамандар даярлауды әлі де жетілдіру керек».

Кез-келген туристік нысанды алдымен жарнамалау қажет. Халықаралық тілдерде сайттар ашып, кеңінен таныстырған жөн. Сөйтіп бекітілген жүйе бойынша құрылыс жүргізіледі. Ал саяхаттаушылар келген жағдайда «не қажет?» деп емес, «бізде мынадай қызмет түрлері бар» деп ұсынған абзал.

Қазір жас маман осы бағытта өздігінше ұсыныстар айтып, жаңаша жұмыс жүргізуде.

 

Айнұр АҚБАЕВА 

 

Хабарламаларға жазылу