Білім беру саласында – «Болашақ» бағдарламасының түлектері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім беру саласында – «Болашақ» бағдарламасының түлектері

12.12.2014
Білім беру саласында – «Болашақ» бағдарламасының түлектері

Қостанай облысындағы Рудный индустриялық институтында осындай 4 маман жұмыс істеуде.

Елена Писарева – Рудный қаласының тумасы. Осы жерде орта мектепті бітіріп, жоғары білім алды. Кейін Рудный индустриялық институтына шет тілінің оқытушысы болып жұмысқа орналасты.  

Аз уақытта өзін білікті маман ретінде көрсетті. Ал, 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша сынақ тапсырып, жоғары нәтиже көрсеткен соң, шетелге білімін шыңдады.

Жалпы мұнда «Болашақ» бағдарламасы бойынша 8 оқытушы және 2 студент шетелде білім алып қайтқан.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу