«Болашақ»: Артылған үміт ақталды ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ»: Артылған үміт ақталды ма?

26.02.2019

«Болашақ» бағдарламасының 25 жылдағы көрсеткіштерін назарларыңызға ұсынамыз.

Ширек ғасыр ішінде 13 мың стипендия тағайындалған. Нәтижесінде ұлттық мүддемізге үлес қосатын мыңдаған білікті маман даярланды. Білім бағдарламасының пайыздық үлесі туралы айтсақ, ең көбі магистратура - 52 пайыз. Одан кейін бакалавриат - 27%. Тағылымдамадан өткен түлектердің үлесі - 18 пайыз, қалғаны - докторантура мен резидентура.

Бүгінде қазақстандық жастар «Болашақ» бойынша АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Еуропа және Азия аумағында білім алуда. Соңғы жылдары әлеуметтік-гуманитарлық және инженер-техникалық мамандықтарға айрықша басымдық берілуде. Сонымен қатар, медицина мен шығармашылық сала бойынша оқып жатқан жастарымыз аз емес.

Қазіргі таңда экономика саласында «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген түлектердің 40 пайызы жұмыс істеп жатыр. 20 пайызы білім және ғылым саласына өз үлестерін қосуда. Медицинадағы мамандардың 7 пайызы осы «Болашақтың» түлектері.

Ербол МӘНДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу