Шетелде жүріп 26 жасында ректор болған қазақ ғалымы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелде жүріп 26 жасында ректор болған қазақ ғалымы

08.10.2014
Шетелде жүріп 26 жасында ректор болған қазақ ғалымы

Шет мемлекеттерде жүріп-ақ, Қазақ елінің дамуына үлес қосып жүрген Алаш азаматтары аз емес. Сондай қандастарымыздың бірі – санкт-петербургтық Ерлан Ысқақов.

Ерлан Ысқақов 26 жасында Санкт-Петербургтегі аймақаралық экономика және құқық институтының басшысы болып, 1997 жылы Ресейдің ең жас ректоры атанған. Қандасымыз осы оқу орнын 17 жылдан бері басқарып келеді.

Ерлан Жанғазыұлы 2007 жылдан бері Алферов қорының атқарушы директоры қызметін қоса атқарады. Осы қор арқылы, ол, физика-математиканы жақсы меңгерген қазақстандық талантты жастарды таңдап, өзі басқарып отырған институтқа ғана емес, Петербургтің өзге де үздік жоғары оқу орындарына қабылдануларына мұрындық болып жүр.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Айнагүл СЕРІКҚЫЗЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу