1925 жылы қазақтар туралы Германияда шыққан кітап табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1925 жылы қазақтар туралы Германияда шыққан кітап табылды

20.10.2019

Өткен ғасырдың басында Германия ғалымы Макс Кучинский Алаш зиялыларымен араласып, қазақ даласына саяхат жасаған. Ұлты еврей Макс Кучинскийдің негізгі мамандығы дәрігер. Әлеуметтік медицина мәселелерімен айналысқан оқымысты еліне оралғасын 1925 жылы кітап шығарады. Арада ғасырға жуық уақыт өткенде алаш қайраткерлерінің мұрасын зерттеушілер арқасында кітапты табуға мүмкіндік туды.

Белгілі алаштанушы ғалым Д.Қамзабекұлы біздің тілшімізге Кучинскийдің қазақ жеріне сапары бойынша жазған кітабының түпнұсқасын көрсетіп, таң-тамаша қалдырды.

Кучинский сапары кезінде оған аудармашы болған қазақтың біртуар азаматы Қошке Кемеңгерұлының туыстары ол кітаптың көшірмесін алып келгенін айтқан, соны түсіріп аламыз деп жүргенбіз...

Әлімжан САБЫРЖАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу