Ақтөбеде дуальді білім жүйесіне көшкен 4 кәсіптік техникалық оқу орны бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде дуальді білім жүйесіне көшкен 4 кәсіптік техникалық оқу орны бар

08.09.2014
Ақтөбеде дуальді білім жүйесіне көшкен 4 кәсіптік техникалық оқу орны бар

Ақтөбе өңірінде дуальді білім жүйесіне көшкен 4 кәсіптік техникалық оқу орны бар. Алайда, шектеулі маман иелері ғана теорияны тәжірибемен ұштастыра алады.

Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжі электр механигі, техник-электрик мамандықтары бойынша дуальді жүйеде білім береді.

Теміржол мекемелерімен келісім жасалып, 25 студент оқу процесінің 60 пайызын өндірісте өткізеді. Бұрын тәжірибе үлесі 15 пайыздан аспайтын. Ал, дуальді жүйе біліктілікті арттыруға септігін тигізді.

Өз ісін жетік білетін студент еңбекпен де қамтылады. Сондықтан, елде дуальді білім жүйесін салалап дамыту қажет. 

Гүлжан Ахмет, Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжі директорының орынбасары:

Қазіргі таңда жастар арасында жұмысқа орналасу  мәселесі туындап тұр. Осы дуальді жүйе арқылы болашақ мамандарды жұмыспен қамту мәселесі шешіледі, деп ойлаймын. Сондықтан,  тек қана шектеулі мамандықтар емес, қазіргі заман талабына сай, қоғамның сұранысына ие мамандықтарға осы білім беру жүйесі енгізілсе, өте жақсы болар еді.

 

Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу