Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты 4 жоғары оқу орнына биыл 888 білім гранты бөлінеді - Д.Болатханұлы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты 4 жоғары оқу орнына биыл 888 білім гранты бөлінеді - Д.Болатханұлы

05.05.2016
Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты 4 жоғары оқу орнына биыл 888 білім гранты бөлінеді - Д.Болатханұлы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты 4 жоғары оқу орнына биыл 888 білім гранты бөлінеді. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі салалық кеңесі барысында ведомствоға қарасты Білім, ғылыми жұмыстар және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Дінислам Болатханұлы мәлім етті.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты 4 жоғары оқу орнына жалпы алғанда 888 мемлекеттік білім беру тапсырысы қарастырылып жатқанын атап өту керек. Оның ішінде  114-і магистратура,  55-і аспирантура, 15-і доктарантураға бөлінбек. Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің ұлғаюына Қазақ Ұлттық хореография академиясының өз жұмысын бастағалы отырғандығы себеп болды», - деді Д.Болатханұлы.

Сонымен қатар департамент басшысы оқу орындарына қабылдау барысында мамандықтардың өзіне тән ерекшеліктері ескерілетіндігін баса айтты.

«Бірақ, белгіленген заңнамалық талаптарды орындауға міндеттіміз. Осы орайда барлық жоғары оқу орындарының, кәсіптік-техникалық оқу орындарының, мектеп басшылықтарының, қабылдау комиссиялары жауапты хатшыларының келесі мәселелерге көңіл бөлулерін сұраймыз. Ең алдымен жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары оқуға қабылдаудың қағидаларына назар аударсаңыздар. Сонда талапкерлерді қабылдауға белгіленген күндерге орай 13-25-ші тамыз аралығында бұйрық шығарылуы тиіс», - деді ол. 

Хабарламаларға жазылу