Қазақстанда мамандық бойынша жұмыс істеу заңмен міндеттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда мамандық бойынша жұмыс істеу заңмен міндеттеледі

28.10.2015
Қазақстанда мамандық бойынша  жұмыс істеу заңмен міндеттеледі
Қазақстанда мамандық бойынша  жұмыс істеу заңмен міндеттеледі

2017 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыспен оқығандар үш жыл мамандығы бойынша жұмыс істеуге міндетті болады. Бұл туралы Парламент Сенаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім болды. Бұл туралы Қазақ радиосының ақпараттар қызметі хабарлады.

Онда депутаттар «Кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылаған еді. Заң жобасында қамтылған негізгі жаңалықтардың бірі білім беру жүйесіне дуальді оқытуды енгізуге қатысты. Сарапшылардың айтуынша, бұл студенттердің міндетті өндірістік тәжірибеден өтуін көздейді және оқу орындары мен жұмыс берушілердің білікті мамандар даярлау үшін жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан белгілейді, бірінші жұмыс мамандықтарын алған адамдарға тегін техникалық және кәсіптік білім алуға мемлекеттік кепілдік енгізіледі. Бұдан басқа, оқытудың сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында қабылдауға, даярлауға, және педагогтардың жұмысына қойылатын талаптар қатайтылады.
Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу