Астанада 2017 жылы 4 жаңа колледж ашылады - Иманғали Тасмағамбетов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 2017 жылы 4 жаңа колледж ашылады - Иманғали Тасмағамбетов

21.08.2014
Астанада 2017 жылы 4 жаңа колледж ашылады - Иманғали Тасмағамбетов

Астанада 2017 жылы жалпы сыйымдылығы 3600 адамға арналған 4 жаңа колледж ашылады.

Бұл туралы бiлiм қызметкерлерiнiң «Тамыз кеңесi» барысында қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді.

«Қазіргі таңда 12 мемлекеттік орташа мамандандырылған арнайы оқу орны бар. Олардың жартысынан көбі өндіріске арналған техникалық мамандықтар бойынша білім береді. Бұл өз кезегінде экономикалық және еңбек нарығының қажеттілігінен туындаған жағдай», - деді қала басшысы.

Білім нысандары 2017 жылға дейін іске қосылады, деп жоспарланған.  

Жалпы, шаһарда егемендік алған жылдары 28 жаңа мектеп, 100-ден астам балабақша мен 5 жекеменшік мектеп, 25 мектепке дейінгі шағын орталық, 6 қосымша білім беру мекемесі мен 23 техникалық және кәсіптік білім беру нысаны ашылып, пайдалануға берілді.

 

strategy2050.kz

Хабарламаларға жазылу