Талапакерлердің грантқа өтініш беру науқаны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талапакерлердің грантқа өтініш беру науқаны басталды

23.07.2014
Талапакерлердің грантқа өтініш беру науқаны басталды

Бүгін еліміз бойынша талапкерлердің грантқа өтініш беру науқаны басталды. Ұлттық бірыңғай тестілеуден тиісті балл жинаған түлектер бақтарын сынап, тегін оқуға түсуге өтініш білдіреді.

Биыл жоғары оқу орындарына 34 мың грант бөлінген. Оның 12 мыңы - техникалық мамандықтарға, а 5 мыңға жуығы - педагогикалық, 3 мыңға жуығы ауыл шаруашылығы мамандығына бөлінген. 

Балжан Бүркіт тесттен 75 балл жинаған. Бүгін барлық құжатын жинап, университетке келді. Қателеспеуді қаперге алған ол көп ойланып, биотехнология мамандығына құжат тапсырамын, деп байлам жасады.

Балжан Бүркіт, талапкер:

Бәрі өте жақсы. Барлық сұраққа жақсы жауап берді. Кеңес алдық. Өз деңгеймізді біліп, мамандығымызды таңдадық. Биотехнология мамандығына 276 грант бөлініпті, сол гранттың бірі маған бұйырады деген үміттемін.

Сәкен Сейітханұлы, тілші:

Астана қаласындағы жоғары оқу орындарында таңғы 9-дан бастап түлектерден құжат қабылдау басталды. Ал, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне өтініш білдіруге барған ата-аналар бізге хабарласып, уәждерін айтты.

Олардың айтуынша, университетте өзге жоғары оқу орындарының арнайы бекітілген реттік нөмірлері болмаған.

Осыған байланысты комиссия мүшелері оларға бұл жағдай  сенбі күні реттелетінін жеткізген.   

Мәселенің мән-жайын білмек болып, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің қабылдау комиссиясына хабарластық. Олар технникалық ақаудың болғанын растады.  

Мұрат Жүнісов, Қ.А Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:

Техникалық қателіктің болғаны рас. Ұлттық тестілеу орталығынан түстен кейін дайын болады, деген хабар келді. Қазір құжаттар қабылданып жатыр.

Талапкерлерден грантқа құжат қабылдау 31-ші шілдеге дейін жалғасады. Оның нәтижесі 10-12 тамыз күндері аралағында белгілі болады. Ал, ақылы бөлімге оқуға түсетіндер құжаттарын 10-25 тамыз аралағында тапсыра алады.  

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу