NDCX-NU қондырғысының құрылысы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

NDCX-NU қондырғысының құрылысы талқыланды

25.06.2014
NDCX-NU қондырғысының құрылысы талқыланды
Енді Назарбаев Университеті NDCX II қондырғысы орнатылады. Бұл теңдессіз қондырғы күрделі инженерлік сараптамалар жасау, материалды тану және энергия алу үшін қажет. Қазір жоғары оқу орнының жанынан қондырғы орналасатын арнайы ғимараттың құрылысы басталды.
 
Оның жобасы 2015 жылы өтеді, деп жоспарланып отыр. Ал құрылғыны жасап шығару үшін бүгін бір топ қазақстандық ғалымдар мен инжинерлер конференция өткізді. Оған шетелден арнайы шақыртылған энергетика саласының білікті мамандары да қатысты.
 
Олар бүгінде АҚШ-тың Беркли атындағы ұлттық зертханасында қолданылатын қондырғының Қазақстанда заманауи үлгісін жасап шығаруға атсалысатын болады.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу