«Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржол құрылысы жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржол құрылысы жалғасады

27.07.2022

«Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржол құрылысы жалғасады. Сонымен қатар Ақтау портында контейнерлік хаб пен Алматы станциясының айналма теміржол желісінің құрылысы бағытында ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асады. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Онда «тар» жерлерді синхронды жою және маршруттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Хабарламаларға жазылу