Дипломды ауылға барып қорғады
Мұны іс жүзінде жүзеге асыруға болатынын дәлелдеу үшін студенттер алғаш рет дипломдық жұмыстарын шалғай шаруашылықтарға барып қорғады.
Нарық жағдайында ешкінің басқа малдармен бәсекелестікке төтеп берер пәрмені бар екен. Мысалы, қазіргі уақытта 1 келі ешкі түбіті- 5 мың теңге. Мына ешкілер асыл тұқымнан алынған будан.
Павлодар облысында өсіруге аса қолайлы. Бұл - агротехнологиялық факультеттің студенті Евгения Селиванова мен оның ғылыми жеткшілерінің төрт жылғы еңбегінің нәтижесі.
Евгения Селиванова, студент:
Түбіттілігі жағынан таулы Алтай ешкісі қазақтың қылшықты ешкісіне қарағанда тиімдірек. Ал, еттілігі бойынша қазақтың қылшықты ешкісін ұстау пайдалы. Бұлардан алынған будан түбітті әрі еті мол.
Ауыл шаруашылығының болашақ бакалавры Жанат Титановтың дипломдық жұмысы Шопан ата түлігіне арналған. Соңғы уақытта фермерлер малды шетелдерден әкеліп жатыр. Бірақ олардың барлығы еліміздің климаттық жағдайына бейімделе алмайды.
Мәселен, сырт көзге күдірейіп көрінетін тәжіктің «гиссар» тұқымдас қойлары салмағын тез жоғалтады.
Жанат Титанов, студент:
«Гиссар» оңтүстіктің малы болғандықтан ол қыс мезгілін көтере алмайды. Сол кезде барлық өнімділіктері, абсолюттік өсімдері төмендеп қалады.
Арпа, бидай, сұлы дақылдарын бөрттіріп оның құрамындағы дәрумендерді екі есеге көбейтуге болады екен. Ал, оны сауындағы бие сүтінен қағылып кешірек жетілетін құлындарға берсе, жас төл тез өсіп кетеді.
Құлан түстес қазақтың жабы тұқымды жылқысын жетілдіре түсудің де түрлі әдістері дипломдық жұмыстарға арқау болған.
Тоқтар Бексеитов, С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің профессоры:
Неғұрлым осы ауыл шаруашылығына бейімделуі ертең осы салада жұмыс істеуіне өз әсерін тигізеді.
Бекзия Ысқақова, Май ауданының әкімі:
Дипломдық жұмысын қорғаған жастардың малдың қыр-сырын жақсы білетіні көрініп тұр. Мұндай дайын мамандарды жұмысқа қуана қабылдаймыз. Өйткені, ауылда мамандар жетіспейді.
Аудиторияға қарағанда шаруашылықта студенттің өз біліктілігін жан-жақты көрсетуіне мүмкіндік мол. Бұл - дипломдық жұмысты қабылдауға келген көшпелі мемлекеттік комиссия мүшелерінің пікірі.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында жол жиектерін тазартты
13.11.2025, 13:20
АҚШ Қазақстанда екі университет ашады
13.11.2025, 13:18
Қазақстан мен Ресей университеттері арасында әріптестік артып келеді
13.11.2025, 13:15
Ыстанбұл мэрі 2300 жылға сотталуы мүмкін
13.11.2025, 13:12
АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаун аяқталды
13.11.2025, 13:09
Маңғыстауда шенеуніктер 9 млрд теңгені мақсатсыз жұмсамақ болған
13.11.2025, 13:06
Қазақстан мен Түрікменстан қылмысқа қарсы әріптестікті нығайтады
13.11.2025, 13:03
Алғашқы АЭС атауы кешікпей белгілі болады
13.11.2025, 13:00