Оқушылар тамағының сапасына талап күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушылар тамағының сапасына талап күшейеді

20.03.2014
Оқушылар тамағының сапасына талап күшейеді

Бұдан былай оқушыларға тамақтану қызметін ұсынушыларды таңдауда «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң қолданылмайды. Енді ондай құзірет мектептерге беріліп, шешімді ата-аналардан құралған арнайы комиссия қабылдайды.

 
Үкімет бекіткен жаңа қаулы маусымның бірінен бастап күшіне енеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің бүгінгі баспасөз мәслихатында айтылды.
 
Қаулыға сәйкес, тапсырыс алушыларға қойылатын талап та қатаңдатылады. Олардың осы салада тәжірибесі, сапа сертификаты және санитарлық нормаларға сай келетін арнайы автокөліктері болуы шарт.
 
Есенғазы Иманғалиев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
Бұрынғы қолданыстағы жүйеден айырмашылығы - көрсетілетін қызмет түрлерін таңдауда.  Ең біріншіден баға үстем болса, осы заңнамаларға енгізілген өзгерістерге сай, қазір баға есепке алынбайды. Ең бастысы - тамақ сапасының есепке алынуы.
 
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу