Құрылыста сейсмикалық талап күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрылыста сейсмикалық талап күшейеді

27.10.2023

Құрылыс кодексіне өзгеріс енгізіледі. Құжаттың жобасы бүгін, кезекті рет пысықталды. Жалпы, салада еңбек етіп жүрген мамандар тарапынан 500-ден астам ұсыныс түскен. Қазірдің өзінде 2 жарым мың құжат бар. Бірақ оның мазмұны бүгінгі талапқа сай келмейді. Қағазбастылық көп, әрі жемқорлыққа ырық беретін олқы тұстары да аз емес. Оның үстіне құрылыс метериалдары шетелден келіп жатыр. Яғни заңнаманы өзгерту - уақыт талабы. Мамандар әсіресе сейсмикалық талапты күшейтуге ниетті. Елде қазір 3,5 миллион адам осындай қауіпті аймақта тұрады. Ол жерлерде нысандар салу үшін жаңа ереже бекітілмек.

Тимур Қарағойшин, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары:

Бизнеске көмектесеміз деп құрылыс нормаларына көбірек жеңілдік жасадық қой. Онымен көмектесеміз дегенмен, ол басқаша болып шықты. Құрылыс деген бұл адамдардың өмірінің қауіпсіздігі. Біздер осы кодексті осы жылдың аяғына дейін мәжіліске кіргізуіміз керек. Үкіметке кіруіміз керек.

Азамат Нұғыманов


Хабарламаларға жазылу