Құрылыс сапасына мемлекеттік бақылау күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрылыс сапасына мемлекеттік бақылау күшейеді

21.09.2023

Астанадағы ЭКСПО-2017 құрылысының сапасын бас прокуратура тексеріп жатыр. Бұл туралы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, тексеріс нәтижелері әзірге жарияланбағанымен, заң бұзушылықтар бар екені анық.

Жалпы, бұдан былай кез-келген құрылыс жобасы мемлекеттік сараптамадан өтпей, құрылыс бастауға рұқсат берілмейді. Бұрын мұндай талап болмаған. Сонымен қатар, енді жер учаскелері инженерлік желісіз берілмейді. Салаға бірқатар түзетулер енгізілді. Өйткені, құрылыс сапасын мемлекеттік деңгейде бақылау жүйесінде жедел ықпал ету құзыры болған жоқ. Мәселен, биыл салынып жатқан объектілердің тек 9 пайызына ғана тексеріс жүргізілген. Бұл әрине сапаға кері әсер етері сөзсіз. Енді осы олқылықтарды жою үшін құрылыс сапасына мемлекеттік бақылау күшейеді. Яғни, бақылап тексерудің жаңа формасы әзірленіп жатыр.


Хабарламаларға жазылу