Олимпиада-2018. Қазақстандықтардың 13-ақпан күнгі жарыс жолындағы нәтижелері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада-2018. Қазақстандықтардың 13-ақпан күнгі жарыс жолындағы нәтижелері

13.02.2018
Олимпиада-2018. Қазақстандықтардың 13-ақпан күнгі жарыс жолындағы нәтижелері

ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының алтыншы күнінде Қазақстан құрамасы сапынан 5 шаңғышы жарыс жолына шықты.

Алғашқы болып әйелдер арасындағы 1,25 км спринт жарысында бақ сынаған Анна Шевченко, Елена Коломина, Валерия Тюленева үштігінің ішінен Анна Шевченко ширекфиналдық бәсекеге жолдама ала алды. Бірақ, отандасымыз бұл сында жолы болмай, финалдық бәсекеге өте алмады.

Ерлер арасындағы 1,4 км спринт сайысында құрама сапынан Алексей Полторанин, Денис Волотка өнер көрсетті. Алғашқы іріктеу кезеңінен Алексей Полторанин сүрінбей өтсе, Денис Волотка 51-ші болып келіп, ширек финалдық бәсекелерге жолдама ала алмады.

Ширекфиналдық 1-ші топқа түскен Полторанин 4-орынды місе тұтып, финал жолдамасына таласа алмады. Оның көрсеткіштері - 3:12.60

Шорт-тректен 1000 метрлік қашықтықта бақ сынаған отандасымыз Нұрберген Жұмағазиев іріктеу кезеңінде  ара қашықтықты 1:24.271 минутта өтіп, ширек финалға өте алмады. Ал, ерлер арасындағы 5000 метрлік командалық эстафетада бақ сынаған Абзал Жұмағалиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамуханов және Нұрберген Жұмағазиев жалпы есепте 6:47.727 уақыт көрсеткішімен 3-орынды місе тұтты. Осылайша, отандастарымыз аталған сайыста медальге таласу құқығынан айырылды. Дегенмен, жерлестеріміз «В» финалдық тобына жолдама алды

Сондай-ақ, бүгін 1500 метр қашықтықты конькимен жүгіріп өту сайысы бойынша жарыс күні аяқталды. Бұл сында елімізден Федор Мезенцев пен Денис Кузмин бақ сынаған еді. Федор Мезенцев жарыс жеңімпазынан +4.22 уақытқа кеш келіп, 28-ші орынды місе тұтса, Денис Кузмин 30-шы (+5.13) орында.

 

14-ақпан күнгі жарыстар кестесі

 

Хабарламаларға жазылу