Пхенчхан – 2018. Олимпиада ойындарының үшінші күнінде жарыс жолына шығатын қазақстандықтар кестесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пхенчхан – 2018. Олимпиада ойындарының үшінші күнінде жарыс жолына шығатын қазақстандықтар кестесі

12.02.2018
Пхенчхан – 2018. Олимпиада ойындарының үшінші күнінде жарыс жолына шығатын қазақстандықтар кестесі

Ақ Олимпиаданың алау жағылған сәттен үш күн өтті. Әзірге құрама қоржынында фристайл-могул бәсекесінде Юлия Галышеваның сыйлаған қола жүлдесі бар. 

12-ақпан күні олимп жолына шығатын отандастарымыздың жарыс кестесі:

16:10-да «Qazsport» арнасының тікелей эфирінде биатлоннан 10 км із қуу сайысында Галина Вишневская мен Дарья Климина өнер көрсетеді. Қос қазақстандық осы спорт түрінің скиатлон сайысы бойынша үздік алпыстыққа еніп, жүлдеге таласуға мүмкіндік алған еді.

16:30-да «Qazaqstan» телеарнсының эфирінде ерлер арасындағы фристайл-могул сайысы бойынша екі отандасымыз Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков бақ сынайды. Жүлдеге үміт бар.

18:00-де «Qazsport» арнасының эфирінде ерлер арасындағы биатлоннан 12,5 км із қуу жарысында жас спортшымыз Роман Еремин сайыс жолына шығады.

Астана уақытымен 18:30-да конькимен жүгіру сайысында әйелдер арасында 1500 м қашықтық бойынша Екатерина Аидова бақ сынайды. Жерлесіміздің жарысын 00:05-те «Qazsport» арнасы көрсетеді. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгінге жоспарланған әйелдер арасындағы тау шаңғы спорты ауа райының қолайсыздықтарына байланысты кейінге шегерілген болатын. Бұл сайыста елімізден Мария Григорова өнер көрсетеді. Жарыс 15-ақпанға қалдырылды.

Хабарламаларға жазылу