Олимпиада-2018. Қазақстандық шорт-трекшілер іріктеу кезеңінен өте алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада-2018. Қазақстандық шорт-трекшілер іріктеу кезеңінен өте алмады

10.02.2018
Олимпиада-2018. Қазақстандық шорт-трекшілер іріктеу кезеңінен өте алмады

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары аясында бүгін шорт-тректен 1500 метр қашықтықта жарыс басталды. Қазақстандық спортшы Денис Никиша төртінші орыннан көрініп, іріктеу кезеңінен өте алмады.

Денис жапониялық Казуки Йошинага, беларусь Максим Сергеев, кореялық Лим Хе Чун, Венгрия спортшысы Лю Шаоан және француз шорт-трекшісі Себастьен Лепаппен сынға түскен  еді.

Сондай-ақ, 1500 метр қашықтықта сынға түскен тағы бір спортшымыз Нұрберген Жұмағазиев тепе-теңдігін сақтай алмай, құлап түсті.  Соның салдарынан Н.Жұмағазиев те іріктеу кезеңіне өтпеді.  Бұл сайыста Нұрберген Синьке Кнегт (Нидерланды), Джон-Генри Крюгер (США), Павел Ситников (Ресей спортшылары  құрамасы), Хун Чжи Сю (Қытай) және Тибо Факонне (Франция) сынды шорт-трекшілерімен бақ сынаған болатын.

Ал, 500 метр қашықтықта жарысқа түскен Анастасия Крестованың да бүгін жолы болмады. Ол мәре сызығына қарсыластары қытайлық Фан Кексин, АҚШ өкілі Мааме Байни және кореялық Ким Алангтың соңын ала келді. 

Айта кетейік, жарысты «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу