Шаңғы жарысы. Валерия Тюленева бірінші айналымда жарыс жолынан шығып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаңғы жарысы. Валерия Тюленева бірінші айналымда жарыс жолынан шығып қалды

10.02.2018
Шаңғы жарысы. Валерия Тюленева бірінші айналымда жарыс жолынан шығып қалды

Пхенчхан-2018. Шаңғы жарысы бойынша 7,5+7,5 шақырым қашықтық бойынша Қазақстан құрамасынан Елена Коломина, Анна Шевченко, Валерия Тюленева бақ сынап, Анна Шевченко 36, Елена Коломина 54 орынмен мәре сызығынан көрінді. Ал, Олимпиада ойындарының дебютанты Валерия Тюленева бірінші айналымда жарыс жолынан шығып қалып, мәре сызығынан өте алмады.

Ақ Олимпиада ойындарының «Qazaqstan» және «Qazsport»  арналарындағы эфир кестесін: http://olympics.kaztrk.kz/kz сайтынан көре аласыздар.

Енді Астана уақытымен 16:00-де шорт-тректен ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар өтеді. 1500 метр қашықтық бойынша ерлер арасында Қазақстан құрамасынан Нұрберген Жұмағазиев пен Денис Никиша (финал) бақ сынайды. 500 метр бойынша әйелдер арасындағы бәсекеде жерлесіміз Анастасия Крестова (іріктеу кезеңі) сынға түседі. Жарысты 16:00-де «Qazastan» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу