Дзюдодан Әлем чемпионаты жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дзюдодан Әлем чемпионаты жалғасуда

26.08.2014
Дзюдодан Әлем чемпионаты жалғасуда

Ресейдің Челябинск қаласында өтіп жатқан дзюдодан Әлем чемпионатының бірінші күні жерлестеріміз үшін сәтсіз аяқталды.

Еркебұлан Қосаев пен Меруерт Иманғалиева алғашқы айналымда сүрінсе, тек Айбек Имашев келесі кезеңге өткен болатын.

Қола медаль үшін болған белдесуде Айбек әлемдік рейтингте көш бастаған жапон спортшысынан ұтылды.

Бүгін ерлер 66 келі салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салған болатын.

Ұлттық құрама сапына енді алынған Жансай Смағұлов екінші айналымда жарыс жолынан шығып қалды. Ал үміт артқан Сергей Лим де ел сенім ақтай алмады.

Ертең татамиге 73 келі салмақта Ертуған Төренов шығады.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу