Пхенчхан-2018. Бүгін шорт-тректен ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пхенчхан-2018. Бүгін шорт-тректен ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар өтеді

10.02.2018
Пхенчхан-2018. Бүгін шорт-тректен ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар өтеді

Бүгін Пхенчхандағы XXIII Қысқы Олимпиадада шорт-тректен ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар өтеді.

1500 метр қашықтық бойынша ерлер арасында Қазақстан құрамасынан Нұрберген Жұмағазиев пен Денис Никиша (финал) бақ сынайды. 500 метр бойынша әйелдер арасындағы бәсекеде жерлесіміз Анастасия Крестова (іріктеу кезеңі) сынға түседі. Жарысты 16:00-де «Qazastan» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Бұған дейін шаңғы жарысы бойынша  7,5+7,5 шақырым қашықтықта Қазақстан құрамасынан Елена Коломина, Анна Шевченко, Валерия Тюленева бақ сынап, Анна Шевченко 36, Елена Коломина 56 орынмен мәре сызығынан көрінді. Ал, Олимпиада ойындарының дебютанты Валерия Тюленева бірінші айналымда жарыс жолынан шығып қалды. 

Хабарламаларға жазылу