Шаңғы жарысы. 10 шақырым: Қазақстандық шаңғышылар Олимпиада жүлдесіне іліге алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаңғы жарысы. 10 шақырым: Қазақстандық шаңғышылар Олимпиада жүлдесіне іліге алмады

10.02.2022
Шаңғы жарысы. 10 шақырым: Қазақстандық шаңғышылар Олимпиада жүлдесіне іліге алмады

Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы классикалық стильде 10 шақырымға созылған жарыс аяқталды.

Бұл қашықтық жарыс жолына шыққан спортшыларымыз Ангелина Шурыга 52-орын, Ксения Шалыгина 53-орын, Надежда Степашкина 57-орын, Валерия Тюленева 59-орыннан көрінді.

Енді отандастарымыз 12 ақпан күні командалық эстафетада бақ сынайды. Тікелей трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:30-да «Qazsport» телеарнасында. көрсетіледі.


Хабарламаларға жазылу