Екі Корея Пхенчханда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына ортақ біріккен тумен шығады
Мұндай шешімге олар Пханмунджомда өткен келіссөздер нәтижесінде келіп отыр. Осыған қоса, олар әйелдер арасындағы хоккей жарысына біріккен құрама командасын жіберуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Солтүстік Корея Олимпиада ойындарына спортшыларымен қатар, 230-ға жуық жанкүйерін және 140 музыканттан тұратын оркестрін жібереді. Бұдан бөлек, наурыз айында Паралимпиада ойындарына 150-ге жуық адамын жөнелпек. Алайда, кейбір спорт сарапшыларының сөзінше, хоккейден бір құраманы жіберу Оңтүстік Кореяның медальдан құр қалуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан, он мыңдаған адам бұған қарсылық білдіріп, петицияға қол жинап жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07