Бүгін Астанадағы «Mega SilkWay» сауда ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» VII Республикалық турниріне қатысатын палуандардың ресми салмақ өлшеу рәсімі өткен болатын.
Турнирге биыл алғаш рет қатысқалы отырған жас палуан Абай Ерболұлы дода алдындағы әсерімен бөлісті.
«Биыл «Қазақстан Барысы» турниріне тұңғыш рет қатысқалы отырмын. Дайындығымыз жақсы. Бұл әркімге беріле бермейтін бақыт, сондықтан қуанышты сезімдемін. Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаров, Бейбіт Ыстыбаев ағаларымыздың ізін басып келеміз. Үлгі тұтарым – осы ағаларым»,-дейді ол.
Еске сала кетейік, «Қазақстан Барысы» турнирі 2 шілде күні сағат 13:00-де Астанадағы «Барыс арена» спорт кешенінде өтеді. Аталмыш сайысты «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кету керек, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан Барысы» турнирінің ресми ақпарат таратушысы.