
Аймағы: Қостанай облысы
Лақап аты: Қара балуан
Туған күні: 22.08.1984
Бойы: 177 см
Салмағы: 95 кг
Спорттық атағы: Қазақ күресінен ҚР спорт шебері
Спорттық жетістіктері: ҚР чемпионы (2010), ҚР чемпионатының күміс жүлдегері (2011), ҚР чемпионатының қола жүлдегері (2012, 2016)
«Қазақстан Барысы» турниріне қатысуы: 2015, 2016 ж.
Бапкері: Бейсен Әубәкіров
Биыл финалдық кездесулер 2 шілде күні «Барыс Аренада» өтеді. Соңғы жылдары жарыс «Сарыарқа» велотрегінде және «Дәулет» спорт кешенінде өткен болатын. Сондай-ақ, тамыз айында палуандар «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде тағы бір рет күш сынасады. Еске салайық, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі биыл жетінші рет өтпекші. Осы жарыста үш рет Бейбіт Ыстыбаев жеңіске жетті. Сонымен қатар, Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаров және Мұхит Тұрсыновтар жеңімпаз атанды.
