Басты Жаңалықтар Головкин мен Альварес журналистерге баспаcөз мәслихатын өткізді

Головкин мен Альварес журналистерге баспаcөз мәслихатын өткізді

Лас-Вегаста жылдың басты бокс шайқасы алдында баспасөз мәслихаты өтті. Бұл - Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қарымта жекпе-жегі алдындағы екеуі де қатысқан алғашқы іс-шара. Бұған дейін спортшылар бірге ешқандай да медиа жиынға қатыспайтынын айтқан. Баспасөз жиынында қос боксшыны сахнаға шақырған сәтте мексикалық былғары қолғап шебері Головкинге жақындаудан бас тартты. Осылайша, дәстүрлі «көз түйістіру» рәсімі болған жоқ. Спортшылар өз орындарында тұрып, суретке түсумен ғана шектелді. Журналистер сұрағына жауап берген отандасымыз бұл жекпе-жектің бокс әлемі үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол көңіл-күйінің өте жақсы екенін айтып, жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Бөлісу