Астанадағы финалдық кездесу: Ділмұрат Мижитов жеңіліс тапты
Елордадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өтіп жатқан Бүкіләлемдік бокс сериясы 7-ші маусымының шешуші айқасында 64 келі салмақ санатында шаршы алаңға шыққан қазақ боксшысы кубалыққа есе жіберді.
Кездесу тартысты өтті. Төрешілердің шешімімен «Астана арланы» «Куба қабыланынан» жеңіліс тапты. Бұған дейін 91 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Антон Пинчук те Эрисланди Савонға есе жіберген болатын.
Қазіргі уақытқа дейін «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» боксшыларының 4 кездесуі өтіп, есеп 2:2 болып тең түсуде.
Айта кетерлігі, Бүкіләлемдік бокс сериясында «Астана арландары» 2012/2013 жылдары және 2015 жылы екі рет чемпиондық атаққа қол жеткізген болса, «Куба қабылдандары» 2013/2014 жылдары және 2016 жылы жеңімпаз атанды.
inform.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экология министрлігі желіде тараған жолбарыс суретіне қатысты пікір білдірді
06.08.2026, 10:07
Инфантино футбол турнирлерін жекешелендіру жоспарынан бас тартты
06.08.2026, 10:06
Иран мен Оман Ормұз бұғазы бойынша келісімге қол жеткізді
06.08.2026, 10:05
Қытайға кіру және шығу тәртібі өзгереді
06.08.2026, 10:05
МӘМС-тегі миллиардтар бақылауға алынады
06.08.2026, 10:05
Өскемендегі коммуналдық мекемелер күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілді
06.08.2026, 10:05
«Жетінші арнада» партия өкілдерінің теледебаты өтті
06.08.2026, 10:02
Қайтарылған активтер есебінен ауыл тұрғындары сумен қамтылады
06.08.2026, 10:01