Астанада Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалы өтіп жатыр. Бас жүлде үшін «Astana Arlans» пен Кубаның «Cuba Domadores» командалары таласуда.
Алғашқы жекпе-жекте ең жеңіл салмақ - 49 келіде Теміртас Жүсіпов пен Йоханус Аргилагос кездесті. Қазақстандық боксшы бірден алға шықты. Ол жекпе-жектің соңында сәл баяу қимылдағанымен, жеңісті қолдан бермеді. Барлық төрешілер өз шешімін Жүсіповтің пайдасына шығарды. Есеп - 3:0 (48:47, 48:47, 49:46).
Айта кеткен жөн, Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалы екі сессиядан тұрады. Бүгін тағы тоғыз жұп жұдырықтасады. WSB-дің қазіргі чемпионы - «Cuba Domadores». Ал астаналық команда бұған дейін чемпиондық атақты екі рет жеңіп алған болатын. Бүкіләлемдік бокс сериясының 7 маусымы ішінде «Astana Arlans» осымен төртінші рет финалға шығып отыр.
Биыл олар өз тобында ең мықты қарсыластар - «Patriot Boxing Team», «Uzbek Tigers» пен «China Dragons» командаларымен кездесіп, өзбектерге қарсы болған турнирде бір рет қана ұтылды.
inform.kz