21 маусымда Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде кəсіпқой рингте жеңіліс тауып көрмеген, WBA intercontinental, WBO NABA чемпиондық белбеуінің иегері Қанат Ислам БАҚ өкілдерімен жүздеседі. Шараның ұйымдастырушысы – «Қазақстан» РТРК» АҚ.
Баспасөз мәслихатына «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Қарин, Қанат Ислам және АҚШ-тан арнайы келген боксшының промоутері Нелсон Лопез қатысады. Кездесу барысында Қанат Ислам журналистер мен жанкүйерлердің сұрақтарына жауап беріп, ЭКСПО көрмесі аясында өтетін жекпе-жегі және өзге де жоспарымен бөліседі.
Естеріңізге сала кетейік, 27 мамырда АҚШ-та Қанат Ислам мексикалық Норберто Гонсалестен басым түсіп, екі бірдей чемпиондық титулды жеңіп алған болатын.
Бұл Қанат Исламның ЭКСПО көрмесі аясында 9 қыркүйекте Астанада америкалық боксшы Джеймс Кирклендпен өтетін жекпе-жегі алдындағы тұңғыш баспасөз мәслихаты.