Басты Жаңалықтар Головкин-Брук кездесуі - қазақстандықтарды түн ұйқысынан тұрғызған тамаша жеңіс

Головкин-Брук кездесуі - қазақстандықтарды түн ұйқысынан тұрғызған тамаша жеңіс

Головкин-Брук кездесуі - қазақстандықтарды түн ұйқысынан тұрғызған тамаша жеңіс

Жеңіс құтты болсын! Геннадий Головкин қазақ жанкүйерлері асыға күткен жекпе-жекті 5-ші раундта 5 деген бағамен жапты. Осылайша даңқты жерлесіміз ел мерейін тағы бір рет асырды. Келл Брук  бұл кездесуді өз Отанында өткізсе де жеңіліс тапты. Бұл оның спорт мансабындағы алғашқы жеңіліс болды. 5-ші раундтың соңында әбден соққыға жығылғаннан кейін, британдық боксшының командасы жекпе-жекті ары қарай жалғастырудан бас тартты. Айта кетерлігі, қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығардың алдында осы жекпе-жекте нокаут болатынын айтқан еді. Сөйтіп, GGG өз жанкүйерлеріне берген уәдесін орындап, сөзінде тұрды.

ф

Аталған кездесуді алдын ала хабарлағанымыздай «Қазақстан» Ұлтық арнасы мен «Каzsport» тікелей эфирде көрсетті. «Каzsport» бұл кездесуді  алғаш рет HD форматында көрсетті. Осы жолғы кездесу әлемнің 100-ден астам елінде көрсетілді.

па

Сонымен қатар, жекпе-жек «Қазмедиа Орталығы» ғимаратында үлкен экраннан да көрсетілді. Онда жиналған қалың көпшілік алдында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова шығып сөйлеп, қалың көпшілікті жерлесімізге жанкүйер болуға шақырды. Сондай-ақ, көрермендер арасында Головкин-Брук кездесуіне келген жанкүйерлер арасындағы ең үлкен және ең жас азаматқа арнайы сыйлықтар берілді. 

ло

лш

е

з

Айта кетейік, бұл 34 жастағы талантты боксшы Головкиннің 36-шы жеңісі. Ол кәсіби бокста 36 рет шаршы алаңға шығып, оның 33-ін нокаутпен аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйек күні өткен жекпе-жектің қайталауын «Kazsport» телеарнасынан 11 қыркүйек күні 9:50-де және 12 қыркүйек күні 00:35-те тамашалай аласыздар. Ал, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан қайталаулар 11 қыркүйек күні 10:00 мен 15:00-де болады.

Бөлісу