Букмекерлер Головкин – Брук жекпе-жегінде қазақстандық боксшыны фаворит санайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Букмекерлер Головкин – Брук жекпе-жегінде қазақстандық боксшыны фаворит санайды

11.09.2016
Букмекерлер Головкин – Брук жекпе-жегінде қазақстандық боксшыны фаворит санайды

Бүгін, Астана уақытымен сағат 00:00-де орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және  WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен жартылай орта салмақта IBF белбеуінің иегері британдық Келл Брук (36-0, 25 КО) арасында жекпе-жек өтеді. Букмекерлер қазақстандық боксшыны жекпе-жектің айқын  фавориті деп болжап отыр. 

William Hill букмекерлік кеңсесінің мәліметіне қарағанда,  Геннадий Головкиннің коэффициенті 1.20-ке тең, ал Келл Бруктікі – 5.00. Өз кезегінде тең нәтижеге 29.00 коэффициент беріліп отыр.

Қазақстандық спортшының нокаут, техникалық нокаут немесе қарсыластың дисквалификация алуы арқылы жеңіске жетуіне 1.30 коэффициент берілген. Ал 30 жастағы британдықтың дәл осындай нәтижесіне 10.00 коэффициент ұсынылып отыр. 

Ал раунд бойынша ең ықтимал нәтиже ретінде 4-6 раундтар арасындағы Головкиннің жеңісі болып есептеледі. Оған 3.50 беріліп отыр. Боксшылар барлық раундта жұдырықтасады: иә - 4.00, жоқ - 1.22. 

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтіп отырған Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы кездесуді бүгін сағат 00:00-де «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsport.kaztrk.kz сайттары арқылы жекпе-жектің онлайн-көрсетілімі жүргізіледі.

Жекпе-жектің қайталауын «Kazsport» телеарнасынан 11 қыркүйек күні 9:50-де және 12 қыркүйек күні 00:35-те тамашалай аласыздар. Ал, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан қайталаулар 11 қыркүйек күні 10:00 мен 15:00-де болады.

Хабарламаларға жазылу