«Авангард» капитаны Евгений Медведев: «Барыс» — өте жылдам ойнайтын команда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Авангард» капитаны Евгений Медведев: «Барыс» — өте жылдам ойнайтын команда

29.12.2016
«Авангард» капитаны Евгений Медведев: «Барыс» — өте жылдам ойнайтын команда

Кеше елордалық «Барыс» хоккей клубы «Авангард» командасын 3:1 есебімен ұтып, Шығыс конференциясында 6-орынға көтерілді. Омбы командасының капитаны Евгений Медведев Today.kz басылымына сұхбат беріп, «Барыспен» өткен ойын туралы ойымен бөлісті.

«Мен ең алдымен біздің қақпашымыздың ойынын ерекше атап өткім келеді. Ол бүгін керемет ойнады. Егер ол болмаса, біз «Барыстан» бірінші кезеңде-ақ жеңілер едік. Біз қолымыздан келгенше тырыстық. Бірақ, тығыз жұмыс кестесінен матч барысында физикалық дайындығымыз жетіспеген болар. Себебі, желтоқсан біз үшін ауыр болды», -деді «Авангард» капитаны.

Журналистің бұл ойындағы шешуші сәтті атауды өтінген сұрағына хоккейші үшінші кезеңге дейін команда жақсы келе жатқанымен, сол сәтте шайба жіберіп алғанын кемшілік ретінде есептейтінін айтты.

Евгений Медведев аталған сұхбатта «Барыс» командасы туралы ойын да жеткізді: «Өте жақсы, әрі жылдам команда екені ойындарынан, іс-қиылдарынан-ақ байқалады. «Барысты» бұрынғы жаттықтырушымен ойынын көрген емеспін. Бірақ қазір команда өте жақсы әсер қалдырды».

Хабарламаларға жазылу