DavisCup. Қазақстан мен Швейцария кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

DavisCup. Қазақстан мен Швейцария кездеседі

01.04.2014
DavisCup. Қазақстан мен Швейцария кездеседі
Теннистен Дэвис кубогының 1/4 финалы аясында еліміздің теннисшілері Швейцарияда жергілікті спортшылармен күш сынасады.
 
Аталған жарыста Қазақстан атынан 5 спортшы, команда капитаны Диас Досқараев, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Евгений Королев және Александр Недовесов шығады.
 
Ал қарсыластар сапында әлемге әйгілі Роджер Федерер сынды мықтылар бар. Қазір қос құрама ойын алдындағы жаттығуларын өткізуде. Айта кетейік, кездесулер 3-6 сәуір аралығында өтеді.
 
 
Рүстем  БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу