FIFA-2018. Төртқұрлық чемпионатының ашылу салтанаты бүгін «Qazaqstan» және «QAZSPORT» арналарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

FIFA-2018. Төртқұрлық чемпионатының ашылу салтанаты бүгін «Qazaqstan» және «QAZSPORT» арналарында

14.06.2018

Бүгін FIFA-2018 Әлем чемпионаты бастау алады.  Мәскеудің атақты «Лужники» стадионынан төртқұрлық чемпионатының ашылу салтанатын «Qazaqstan» және «QAZSPORT» арналары тікелей эфирде көрсетеді.  Басталуы: 20:30-да.

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінен кейін турнирдің алғашқы ойыны басталады. Онда Ресей және Сауд Арабиясының құрамалары кездеседі.  Аталған ойынды футболсүйер «Qazaqstan» және «QAZSPORT»  арналарынан 20:50-ден бастап көре алады.

Ел, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Қазмедиа орталығының» медиафасадында ашық көрсетілім ұйымдастырылады. Ашылу салтанаты мен алғашқты матчтың көрсетілімі алдында, сағат 19:30-дан бастап «Астана» футбол клубының ойыншыларымен кездесу және жас футбол жанкүйерлеріне арналған шеберлік сағаты өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, FIFA-ның 21-ші Әлем чемпионаты 14 маусым - 15 шілде аралығында Ресейдің Волгоград, Екатеринбург, Қазан, Калининград, Мәскеу, Нижний Новгород, Ростов, Самара, Санкт-Петербург, Саранск және Сочи қалаларында өтеді. Әлемнің үздік деп танылған 32 командасы төртқұрлықтың басты жүлдесіне таласпақ.

 

Ойындар кестесін жүктеу      

Соңғы жаңалықтар

LIVE LIVE LIVE

«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы

AppStore

Play Market

Хабарламаларға жазылу